×

ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының Орталық клиникалық ауруханасында баспасөз туры ұйымдастырылды

Еліміздің ең көне ауруханасы биыл 94 жылдығын атап өтпек

ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының Орталық клиникалық ауруханасында баспасөз туры ұйымдастырылды
tengrinews.kz

Медицина қызметкерінің күні мен БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай халық арасында Совмин деген атпен әйгілі, ҚР Президенті Іс басқармасы Медицина орталығының Орталық клиникалық ауруханасында баспасөз туры ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еліміздің ең көне ауруханасы биыл  94 жылдығын атап өтпек. Клиниканың тарихы 1929 жылы, Қазақ КСР астанасы Қызылорда қаласынан Алматыға ауыстырылған кезден  бастау алады. Алғашқы жеке стационарлық ғимарат 1933 жылы салынды – оған дейін аурухана қала орталығындағы шағын үйде орналасқан. Жедел жәрдем сол кезде ат жегілген қарапайым «совнарком» арбасы болған. 55 төсек қойылған жаңа екі қабатты ауруханаға емхана, дәріхана, анықтама үстелі, терапевтік, хирургиялық және гинекологиялық бөлімшелер орналасты. Аурухананың кеңесшілері сол кездегі танымал профессорлар мен танымал мамандар еді. Ал пациенттері – ғалымдар, елге еңбегі  сіңген  шығармашылық элита мен жоғары лауазымды партия қайраткерлері. Сол тарихи кезеңде клиника көпшіліктің қолы жетпейтін, жабық типтегі аурухана болатын. Қызықты тарихи факт: дәрігерлер жан-жақтан келген мамандар  болғандықтан, олар үшін қазақ тілі сабақтары ұйымдастырылды. Қазақ тілі сабақтарына себепсіз келмей қалған мамандарға  жұмысқа немқұрайлы қараушылық деп қарастырылып, ол үшін жаза тағайындалған, ал талапты оқушыларға 10% үстеме ақы төленіп отырған.

Еліміздің басшы тұлғалары – Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев және Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жерде медициналық қызметтер көрсетілді.  Айта кететін жайт, Д. Қонаевтың дәрігері Ахат Мүліков әлі күнге дейін гипербариялық оттегімен қамтамасыз ету бөлімінде жұмыс істейді. Жалпы аталған аурухана қызметкерлерінің тұрақтылығымен ерекшеленеді, мұнда 20-30, тіпті 40 жылдық тәжірибесі бар   мамандар істеп жүр.

Тәуелсіздік алғаннан кейін аурухана Қазақстанның барлық азаматы мен шетелдік қонақтарға өз есігін айқара ашты. Мұнда МӘМС аясында қаланың 250 мың тұрғыны емделеді.

Аурухана негізінде 25 бөлімшеден бөлек аритмия, геронтология, Паркинсон және нефрология орталықтары ашылды, ірі конференциялар, семинарлар мен уоркшоптар өткізіледі. "Үйдегідей"  қағидаты бойынша жайғастырылған бірегей соматикалық бөлімше де бар, мұнда жоғары сапалы медициналық қызметтермен қатар бес жұлдызды қонақүй дәрежесінідегі сервис те көрсетіледі.  Дәрігерлер бүкіл әлем бойынша  халықаралық конференцияларға қатысып, өз тәжірибелерін бөліседі.  

Дәл осы жерде отандық және шетелдік денсаулық сақтаудың көптеген жаңалықтары іске асырылуда, аурулардың көптеген түрлерінің диагностикасы мен емдеудің ең озық әдістері енгізілуде.

Ауруханада медициналық көмек көрсету жүйесі  халықаралық JCI стандартының сертификаты бойынша ұйымдастырылған. Атап айтсақ, елімізде мұндай стандартпен 10 шақты клиника ғана жұмыс істейді. Өткен жылы ОКА емханасына 30 мыңнан астам пациент, стационарға 9 мың, күндізгі стационарға 4,5 мың пациент жүгінді. Соңғы жылдары медициналық туризм де қарқынды дамып келеді. Былтыр шетелден, негізінен Еуропадан, ТМД және Азия елдерінен 402 пациент келіп емделді. Олардың  саны жылдан-жылға артып келеді.

Журналистер аурухана мұражайын аралап, нейрохирургия, соматика, физиотерапия бөлімшелері, және емхана жұмысымен таныс болды. Қазақ медицинасының білікті мамандарымен сөйлесіп, жылы лебіздерін білдіріп, медицинаның көкейкесті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →