×

Әкім халықты малға теңеді

Халық әкімнің отставкасын талап етіп жатыр

Әкім халықты малға теңеді

Желіде газсыз отырған халықты малға теңеген ауыл әкімінің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды qaz365.kz

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, видеодағы әкім – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев. 

«Олар айта береді. Неге сендер халықты тыңдайсыңдар? Халық қазір мал боп кетті ғой. Білмейсіңдер ме соны? Мынау жұмыс істеп жатқан бізді тыңдамайсыңдар ма?», – дейді ол.

Видео халықтың ызасын туғызып жатыр. Оның отставкасын талап етіп,  жазалануы керек деп те пікір білдіргендер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
14.11.2025ж. 18:55

Таза Қазақстан: Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті

Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →