×

Өскемендік "Aparu" такси қызметі ел бойынша енгізілуі мүмкін

Ол ЯндексGo, Uber сияқты алыптармен бәсекелесе алады

Өскемендік "Aparu" такси қызметі ел бойынша енгізілуі мүмкін
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram арнасында жазды.

"Отандық қызмет көрсету саласы – бәсекеге қабілетті болуға қауқарлы. Мысал ретінде, отандық жолаушылар тасымалымен айналысатын "Aparu" компаниясына тоқталып өтсем.

Aparu – еліміздің Өскемен қаласында 10 жыл бойы такси қызметін табысты жүзеге асырып келе жатқан компания. Ерке Ертістің жағасындағы Өскемендіктер арасында сұранысқа және танымалдылыққа ие сервис. Сапа жағынан да қала тұрғындарының көңілінен шыға білген", – деді министр.

Соңғы жылдары Аparu  такси қызметі күніне 50 мыңға жуық тапсырысты қабылдаған. 

“Кеше  аталған компанияның жетекшісі Ерлан Шаяхметовпен кездестім. Кездесу барысында оның мақсат-міндеттерін, сервисті одан әрі дамыту мәселелерін талқыладық. Олардың басқа қалалардың нарығына да шығу жолдарын қарастыратын боламыз. Aparu - ЯндексGo, Uber сияқты алыптарға бәсекелестік орнатып, қанатын кеңге жаятынына сенімдімін. Бәсеке бар жерде – даму бар. Біз өз тарапымыздан қазақстандық компанияларды қолдауға және оларды одан әрі дамытуға ынталандыруға тырысамыз”-деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырауда Президент Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды
Бүгін, 22:17

Атырауда Президент Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →