×

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері келіссөз жүргізді

Әңгіме барысында Тоқаев Қазақстан Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері келіссөз жүргізді
фото: t.me/bort_01


Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды qaz365.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев кездесу өткізген болатын. Әңгіме барысында Тоқаев Қазақстан Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

"Қазақ пен өзбек - ежелден достығы мызғымас, сыйластығы жарасқан бауырлас халықтар. Екі елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні ұқсас. Тарихы тамырлас, тағдырлас елдеріміздің мақсат-мұраты да ортақ. Сондықтан мен бүгінгі сапарға айрықша мән беремін. Біз тату көршілікке және сенімді серіктестікке негізделген қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық неғұрлым тығыз және табысты болса, Орталық Азиядағы ахуал соғұрлым тұрақты болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді
Бүгін, 11:38

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Сондай-ақ қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →