Қаулы жобасы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған
ҚР Үкіметі Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беруді жоспарлап отыр. Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Қаулы жобасы 6 желтоқсанда өткен Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес әзірленген.
Сондай-ақ, дәл осы қаулы аясында Қостанай облысындағы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің атауына түзету енгізу көзделген. Түзету Алаш көсемінің есіміне қатысты. Сәйкесінше, қаулы қабылданса, оқу орны енді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті болып аталады.
Қаулы жобасы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.