×

«Астанада жеке сот орындаушылары 87 балаға төленген алиментті жымқырған»: Әділет министрі не дейді?

Әділет министрі заңға нақты өзгерістердің дайындалып жатқандығын айтты.

«Астанада жеке сот орындаушылары 87 балаға төленген алиментті жымқырған»: Әділет министрі не дейді?
Коллаж: Qaz365.kz

Журналистер бұл мәселе жөнінде бүгін Әділет министрі Азамат Есқараевқа сұрақ қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Өте орынды сұрақ. Өзіміз де бұл сұраққа қатты көңіл бөліп жатырмыз, өйткені бұрынғы заңнама солай жасалған. Яғни сот орындаушылары жиналған ақшаны өз қарамағындағы шотқа жинай алады екен. Ол шотқа ешқандай тыйым салынбайды. Жапа шеккен жасөспірімдердің ақшасына қол салған деген адам санасына кірмейтін нәрсе. Сондықтан біздің қызметкерлер осындайларға жол бермес үшін нақты заңға өзгерістерді дайындап жатыр. Жақын арада тиіс органдарға кіргіземіз», - дейді Есқараев.

Еске сала кетейік, таяуда Астана қаласының прокуратурасы қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушыларының қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтаған болатын. Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше екі жеке сот орындаушысы, қызметтері тоқтатылғанына қарамастан, алты ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген. 
«Мысалы, жеке сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шоттынан ақшаны шешіп алып, оны өзінің қалауымен жұмсаған. Жалпы олар 5 млн теңге қаражатты жымқырған», - деп атап өтті ведомство өкілі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Бүгін, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →