×

Алматыда дәрігерлер жаңа технологиялардың көмегімен ауыр науқасты аяққа тұрғызды

Жоғары технологиялы ота сәтті өтті

Алматыда дәрігерлер жаңа технологиялардың көмегімен ауыр науқасты аяққа тұрғызды

Пациент Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген. Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын оның жамбас буыны алмастырылған. Жарақат салдарынан цементсіз әдіспен бекітілген протез жамбас қуысына кіріп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аурухананың полижарақат бөлімшесі меңгерушісі Рамазан Әскеровтің айтуынша, протез ұршық ойығына кіріп кеткен. Салдарынан жамбас қуысы қатты зақымданған. Науқас бірден жан сақтау бөліміне жеткізілді.
Жағдайы тұрақтанғаннан кейін бөлімшеге ауыстырылып, клиника басшыларының қатысуымен консилиум өткізілді.

«Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Біз екі кезеңнен тұратын ота жасау туралы шешім қабылдадық. Біріншісінде іш қуысы арқылы сынған протез бөлшектерін алып шықтық. Жағдайы жақсарғаннан кейін ревизиялық эндопротез орнаттық. Бұл ортопедиялық операция ішіндегі ең ауыр оталардың бірі болып саналады. Яғни бір рет ота жасалған жерді тағы қозғап, операция жасадық. Травматолог-ортопедтер мен анестизиологтар командасының біліктілігінің арқасында күрделі ота сәтті өтті», – дейді Рамазан Әскеров.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, пациент отадан кейін екінші күні төсекте отыратын болды. Үшінші күннен бастап арнайы құрылғының көмегімен жүре бастаған.

«Бұл жоғары технологиялы операция. Пациенттің бұрынғы буынының орнына жасанды протез саламыз. Мұндай операцияларды барлық клиникалар жасай бермейді. Ол үшін арнайы дайындықтан өткен мамандар мен құрал-жабдықтар қажет. Оның үстіне, Қазақстанда эндопротездеу операцияларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тегін жасатуға болады», – деп қорытты дәрігер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →