×

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы өзгереді – министр

Компанияның атауы актив мемлекет меншігіне өткеннен кейін енгізіледі

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы өзгереді – министр
Фото: primeminister.kz

Мемлекет меншігіне өткеннен кейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының атауы өзгеруі ықтимал. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қазіргі басшысы ауысса, одан әрі компания атауын пайдалана алмаймыз. Arcelor атауын пайдалануға құқығымыз болмайды», – деді Шарлапаев.

Оның айтуынша, өткен жылы «АрселорМиттал Теміртау» 3 млн доллар пайда тапқан.

Еске салайық, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болып, 46 кенші қаза болды.

Қазақстан Президенті Тоқаев «АрселорМиттал Теміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды бұйырды. Қайғылы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала келісімге келгені және кәсіпорынды Қазақстанның пайдасына меншік құқығына беру жөніндегі мәміленің аяқталып жатқаны хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →