×

Қызылордада шенеуніктер жөнделген көшелерге тағы 1,7 млрд теңге қаржы бөлген

Прокуратура өкілдері бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол бермеді

Қызылордада шенеуніктер жөнделген көшелерге тағы 1,7 млрд теңге қаржы бөлген
ашық дереккөзден

Қызылорда прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде бұған дейін орташа жөндеуден өткен көшелерге тағы қаражат бөлінгені анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Прокурорлар араласқаннан кейін мемлекеттік сатып алудың күші жойылып, 1,7 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Облыстық прокуратураның ақпаратынша, 2020 жылы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округі Батырбаев көшесіне 49 млн теңгеге орташа жөндеу жүргізілген.

"Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы" бұйрыққа сәйкес, автокөлік жолдарына күрделі жөндеуаралық мерзім 6-9 жылды құрайды.

"Осы талаптарға қарамастан, Қызылжарма ауылдық округінің әкімдігі биыл Батырбаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған. Осыған ұқсас заңбұзушылықтар Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелеріне күрделі жөндеуге 1 млрд теңге қаражат бөлу кезінде анықталды", – деді прокурорлар.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құрайтын 4 сатып алу конкурсының күші жойылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді
Бүгін, 11:09

Вранчев Бишімбаевты Чикатилоға теңеді: сотталушының адвокаттары өре түрегелді

Вранчевтің бұл сөзіне Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова қарсы шықты
Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →