×

Байқоңырда «Қазақ тілі» мен «Қазақстан тарихы» пәндерін оқыту неге бәріне бірдей міндетті емес

Байқоңыр мектептеріндегі оқыту жүйесі

Байқоңырда «Қазақ тілі» мен «Қазақстан тарихы» пәндерін оқыту неге бәріне бірдей міндетті емес
Фото: ашық дереккөздерден

Байқоңыр мектептерінде қазақ тілі сабақтан тыс уақытта және ата-аналардың өтініші бойынша ғана оқытылады. Бұл туралы Байқоңыр қаласының білім басқармасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Бұл пәндерді («Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан тарихы») оқу Байқоңыр қаласының орыс мектептерінде тек оқушылардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру шеңберінде (басқа оқушылардың құқықтарын бұзбай) жүзеге асырылады. Яғни, олардың қалауы бойынша (ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қалауы бойынша) мектептен тыс іс-шаралар түрінде жалпы білім беру бағдарламасының шеңберінде оқытылады», – деді Байқоңыр қаласының білім бөлімінде.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қаладағы М.Қ. Янгель атындағы №7 орта мектепте 2022 жылдан бастап оқушылар мен олардың ата-аналарының тілектерін ескере отырып, 5, 6, 8, 9-сыныптарда «Қазақ тілі» мен «Қазақстан тарихынан» сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылған.

Байқоңырдағы шенеуніктер мониторинг жүргізгендерін айтып отыр. Соның қорытындысы бойынша, басқа мектептерде оқушылар мен олардың ата-аналары мектептен тыс жұмыстардың басқа бағыттарға арналғанын қалайды екен. Яғни, мемлекеттік қорытынды аттестацияға дайындық, шет тілдерін меңгеру, спорттық және патриоттық тәрбиеге басымдық беру керектігін жеткізген.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президентінің арнайы өкілі Қайрат Нұртай «Қазақ тілі» мен «Қазақстан тарихы»  қазақстандық және ресейлік оқыту стандарттарына қарамастан, Байқоңыр қаласының барлық мектептерінде оқытылатынын айтқан.  Бұл туралы екі елдің үкіметаралық комиссиясының отырысында келісілген.

Қазір қаладағы 12 мектептің бесеуінде қазақстандық, жетеуінде ресейлік стандартпен білім беріледі.

Ресейлік стандарт бойынша оқытатын мектепте 2 мыңға жуық Қазақстан азаматы білім алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →