×

Сирияда террористік топта болған Қазақстан азаматы Болгариядан экстрадицияланды

Оған тағылған айып бойынша мүлкін тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Сирияда террористік топта болған Қазақстан азаматы Болгариядан экстрадицияланды
egemen.kz

Террористік топ мүшесі Болгариядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

"Бүгін Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуі арқылы Болгария Республикасынан Қазақстанның азаматын террористік топтың жұмысына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында экстрадициялады. Ол радикалды діни ағымның қолдаушысы бола тұра, 2015 жылы Сирия Араб Республикасының аумағына барып, террористік топтардың бірінің құрамына кірген", –/ делінген хабарламада.

Осыған байланысты оған қатысты соталды тергеп-тексеру басталып, халықаралық іздеу жарияланды. Мамырда ол Болгария аумағында ұсталған.

"Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Фигурантты экстрадициялау Болгария тарапымен 2014 жылғы 14 қарашадағы адамдарды ұстап беру туралы екіжақты шарттың болуына байланысты мүмкін болды", – делінген хабарламада.

Оған тағылған айып бойынша мүлкін тәркілеумен бірге 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →