×

Ақтауда түнгі клубта төбелескен полицейлер жұмыстан босатылды

Ақтауда түнгі клубтардың бірінде болған жағдай

Ақтауда түнгі клубта төбелескен полицейлер жұмыстан босатылды
Фото: old.kzvesti.kz

Ақтауда түнгі клубта төбелескен екі полиция қызметкері жұмыстан босатылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Әлеуметтік желіде екі қызметкер Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны және жанжал кезінде пышақ пайдаланғаны туралы ақпарат тарады.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінде.

Айта кетейік, төбелесте пышақ қолданылғаны туралы ақпарат расталмаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазан айында бес күндік жұмыс аптасында істейтін қазақстандықтар тоғыз күн демалады
Мирас сол күні оларға барғысы келмей, сағат 21:06-да өзін мазаламауды сұрап хабарлама жіберген. Ол арғы күні отбасы атасының ас өткізетінін еске салған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →