×

Өз қызымен жыныстық қатынаста болған әке жайлы бағдарламаны неге көруіміз керек – Зайытов

Даулы бағдарламалар шектеле ме?

Өз қызымен жыныстық қатынаста болған әке жайлы бағдарламаны неге көруіміз керек – Зайытов
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау барысында телеарналардан шығатын даулы бағдарламаларды шектеу керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қазір бізде қоғамның наразылығын туғызатын бағдарлама көп. «Қослайк», «Қалаулымдарыңызды» айтпағанның өзінде, одан басқасы да бар. Зардабын да халық тартып жатыр. Анау-мынау бағдарламадан танылып алған жастар онлайн ойын платформаларын жарнамалайды. Дәлел бар оған. Оның сыртында неше түрлі ток-шоу бар. Өзінің қызымен жыныстық қатынаста болған әке туралы бағдарламаны біз неге көруіміз керек? Жынысын ауыстырған адамдар жайлы бағдарламаны неге біз телеарнадан көруіміз керек? Мониторинг жасайық деп ұсыныс бердік. Тоқтатайық дедік. Мына заң аясында осыларға мониторинг жасайтын, тоқтата алатын басқа да бір тетік бар ма?» – деді Зайытов.

Сұраққа жауап берген Аида Балаева мұндай бағдарламалар қоғамда қызу талқыланып жатқанын, ана ретінде депутаттың жанайқайын түсінетінін айтты. 

«Десе де біз меморган ретінде біз ондай бағдарламаларға қаржы бөлмейміз. Оған мен кепілдік беремін. Ондай бағдарламаларды БАҚ өз табысынан түскен қаржыға жасап отыр. Десе де ол мәселе қоғамның болашағына септігін тигізетін болғаннан кейін мәселені екінші оқылымда қарауға дайынмын. Сол БАҚ-тардың жетекшілерін шақырып, талқылау жасауға дайынмын. Өйткені оның концепциясы бар. Өкінішке қарай, сондай бағдарламаларды тапжылмай қарап отыратын адамдар да бар. Сондықтан дұрыстап қарайық», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →