×

"Астана су арнасы" басшысы қанша жалақы алатынын айтты

Сондай-ақ қызметкерлері қанша алатынын да айтып өтті

"Астана су арнасы" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Фото: astanasu.kz

"Астана су арнасы" бас директоры Табиғат Зейнулқабден өзінің жалақысы мен қызметкерлерінің жалақы қанша екенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпорында жұмыс істейтін техниктер, оның айтуынша, шамамен 180 мың теңге алады, бұл кәсіпорындағы ең төменгі жалақы.

"Екі тәулік сайын ауысып жұмыс істейтін машинистер 200 мың теңгеге жуық ақша алады. Темір ұсталары – 220-230 мың теңге, қайта өңдеу жұмыстары болған кезде көбірек ақша алады. Бүгінде менің жалақым 725 мың теңге болады. ИТҚ (инженерлік-техникалық қызметкер – еск.) 400 мың теңгеден аса алады", – деді Зейнулқабден су тарифтерін көтеруге арналған қоғамдық тыңдау барысында.

Ол "Астана су арнасы" қызметкерлерінің орташа жалақысы 308 мың теңге екенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Кеше, 13:47

Алматы мен Токио арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 21,1%-ға артқан
Танымал эстрада әншілері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →