×

«Оқушыны шақырып, неше түрлі жаман сөз жазған»: Маңғыстауда 19 жастағы жігіттің үстінен іс қозғалды

Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Оқушыны шақырып, неше түрлі жаман сөз жазған»: Маңғыстауда 19 жастағы жігіттің үстінен іс қозғалды
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында 5-сыныптағы оқушы қызды есік алдына шақырып, неше түрлі жаман сөз жазған жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Оның үстінен қылмыстық кодекстің «жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нағима Барақ есімді әлеуметтік желі қолданушысы Маңғыстау облысындағы Қызылтөбе ауылында болған жайтты жазған еді. 

«Жиырма жастағы Талғат есімді жігіт бесінші сынып оқушысына ватсаптан (ойнауға тырысқан ласина киіп шықшы, бір па#ка берейін ба, киімсіз фотоңды жіберші) деген жаман сөздер жазып,  кездесуге есігінің алдына дейін келген. Бесінші сынып оқушы қызға ватсаптан  қоймай жазып жүргенін байқаған анасы, бұл кім деп ватсап арқылы өз қызының атынан хат алмастыруды жалғастырып, «үйде ата- анам жоқ, есік алдына кел» деп кездесуге үйінің алдына шақырған. Талғат есімді жігіт оқушы қызбен кездесуге келгенде анасы видеоға түсіріп, полиция шақырған. Оқушы қыздың телефон нөмерін қайдан алғаны белгісіз, күдікті өз кінәсін мойындамай, басын алып қашуда. Қазіргі таңда анық-қанығы тексерілуде», – деген еді Нағима Барақ.

Qaz365.kz тілшісі осы мәселе жөнінде Ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған. Полиция, расында да, 2023 жылдың 8 желтоқсанында әйел полицияға хабарласып, өзінің 10 жасар қызына белгісіз адамның WhatsApp мессенджері арқылы интимдік сипаттағы хабарламалар жазғанын айтқанын хабарлайды. Осыдан кейін ол қызының нөмірінен сол адаммен өзі сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған. Ер адам белгіленген жерге көлікпен келе жатқанда ол видеоға түсіріп, полицияға арызданған.

«Тәртіп сақшылары 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша (жас балаларды азғындық жолға түсіру) Мұнайлы ауданында тіркелді. Тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған
Бүгін, 15:35

Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға бір сұрақты 175 рет қойған

Адвокат сотталушының телефонынан табылған видеоларға назар аударды
Астанада экс-министр Бишімбаев пен оның туысы Байжановқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр
Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →