×

Қарағандыда ақылы автотұрақтың кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Полиция тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр

Қарағандыда ақылы автотұрақтың кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Қарағанды қалалық полиция басқармасына 46 жастағы қала тұрғыны арызданды. Жәбірленуші азаматша жеке кәсіппен айналысып, автотұрақ ұстайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, тұрақ күзетшісі белгілі бір себептермен жұмыс орнынан біршама уақытқа шығып кеткенде, белгісіз біреу осы сәтті пайдаланып, кассадан 200 мың теңге ақша ұрлап кеткен. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 47 жастағы азамат ұсталды.

Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, оған қатысты ҚР ҚК-нің  188-бабы (Ұрлық) бойынша сәйкес іс қозғалды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →