×

ҚМДБ мұсылмандар арасында іріткі салғысы келген азаматтың үстінен сотқа шағым түсіретінін мәлім етті

Діни басқарма одан мұсылман қауымынан кешірім сұрауын талап етті

ҚМДБ мұсылмандар арасында іріткі салғысы келген азаматтың үстінен сотқа шағым түсіретінін мәлім етті
muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда бүлік пен алауыздық тудырған азаматтардың үстінен сотқа шағым түсіретінін мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Діни басқарманың мәліметінше, әлеуметтік желіде Серік Рысжанов есімді азамат қасиетті Құранда ашық баяндалған аяттарды жоққа шығарып, мұсылмандар арасында алауыздық тудырған.

«Дәлірек айтқанда, С.Рысжанов «Barys media» ютуб арнасына берген сұхбатының бірінде: «Құранда бес уақыт намаз оқыңдар деп айтылмаған» деді. С.Рысжанов өзінің арнайы діни білімінің болмағанына қарамастан, Құранды өз бетінше түсініп, мұсылман жамағатының діни сеніміне сызат түсіріп, іріткі салғандығы үшін мұсылман қауымынан кешірім сұрауы тиіс», – делінеді ҚМДБ-ның хабарламасында.

Осыған орай, мүфтият мұндай шектен шығушылыққа, діни құндылықтарды теріс бұрмалаушылыққа, парыздар мен діни рәсімдерді жоққа шығарып, қоғамда бүлік пен алауыздық тудырған азаматтардың үстінен сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →