×

Ресейге жауап: Украина Белгород қаласын атқылап, 22 адам қаза тапты

Екі жақтан кейінгі күндері құрбандар саны артты

Ресейге жауап: Украина Белгород қаласын атқылап, 22 адам қаза тапты
коллаж Qaz365.kz

Украина мен Ресейдің соғысы текетірестің жаңа деңгейіне шығып, екі жақтан кейінгі күндері құрбандар саны артты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгородтағы жарылыс жайлы

Украина арнайы қызметтері Белгородқа жасалған соққы ресейлік күштердің Украина қалаларын атқылауына берілген жауап екенін растайды. Мәселен, BBC ақпарат көзі өз дереккөзіне сүйеніп (әдетте, Киев формальды түрде мойындамайды), Белгородқа соққыны Украина жасағанын жазады. Дереккөздің хабарлауынша, нысана ретінде әскери инфрақұрылымдық нысандар көзделген. Алайда «ресейлік әуе қорғанысына қарсы күштер жұмысының әлсіздігі» салдарынан беспилотниктерден бейбіт тұрғындар зардап шеккен.

ВВС дереккөзі Украина 70 беспилотник ұшырғанын, оны «Ресейдің Украина қалалары мен тұрғындарына қарсы жасалған террористік актісіне жауап» болғанын хабарлаған. Бұл жерде жұма күні таңертең Украина қалаларын қарқынды түрде атқылауы туралы әңгіме болып отыр.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігі Белгородтағы құрбандар жайлы жаңа мәліметтерді жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, 22 адам қайтыс болған. Оның ішінде екі бала бар. Зардап шеккендердің саны едәуір өсіп, 108-ге дейін жеткен. Оның ішінде 15-і бала екені хабарланады.

Белгородта жарылыстар бүгін кешкі төрт жарым шамасында болған. Куәгерлердің бейнежазбаларында бірнеше секундтық айырмашылықпен екі қатты жарылыс болған. Олармен қатар кішігірім жарылыстар да естілген. Қаланың қираған кадрларының көп бөлігі қала орталығындағы "Белгород" әмбебап дүкенінің көп қабатты ғимаратының жанындағы жағдайды көрсетіп жатыр.

Ресей қорғаныс министрлігі «Белгород қаласына тыйым салынған кассеталық жабдықта екі "Алдер" зымыранымен, сондай-ақ Чехияда шығарылған "Vampire" РСЗО реактивті снарядтарымен таңдамай аралас соққы жасады"деп мәлімдейді.

Ресей қорғаныс министрлігі "Белгород қаласына тыйым салынған кассеталық жабдықта екі "Ольха" зымыранымен, сондай-ақ Чехияда шығарылған "Vampire" реактивті снарядтарымен соққы жасалғанын хабарлайды.

Украинада бір күн бұрын жарылыстар салдарынан 39 адам көз жұмған

Жұма күні Украина қалаларына әуе шабуылдары салдарынан 39 адам көз жұмған. Бұл туралы сенбіде Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.

– Кешегі ресейлік шабуылдың салдарын жою жұмыстары әлі де жалғасуда. 120-ға жуық қала мен ауыл зардап шекті. Жүздеген азаматтық нысандар қирады, – дейді ол.

Президент 39 адам қаза тауып, 159 адам жарақат алғанын хабарлаған. Бұған дейін Киевтің Шевченко ауданындағы қойма үйінділерінің астында қаза тапқан тағы бір адам жайлы Киев мэрі Виталий Кличко хабарлаған болатын.

Киевте және шабуылдан зардап шеккен басқа да ірі қалаларда 1 қаңтар аза тұту күні болады. Жұма күні Украинаға барлығы 158 зымыран мен дрон атылған. Украина әскери күштері 87 зымыран мен 30-дан астам дрон қағып түсірілгенін мәлім етті.

Жұма күнгі шабуыл салдарынан Днепрде 6, Запорожьеде 9, Одессада төрт адам қаза болған.

Еске сала кетейік, Ресей әскері былтыр 24 ақпанда Украинаның бірнеше қаласына басып кірген еді. Бүкіл әлем «соғыс басталды» деп жар салғанда, Ресей билігі мұны «арнайы операция» деп атаған. Содан бері екі жақ шайқасып келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →