×

Алматыда жолаушының кесірінен жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісі қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Бұған дейін ол өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын

Алматыда жолаушының кесірінен жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісі қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
YouTube / ОФ Не Молчи KZ

Алматыда жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісі Ермек Шөкебаева қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

22 желтоқсанда Алматыдағы «Қалқаман» аялдамасында автобус жаяу жүргіншілерді басып кетіп, 3 адам қайтыс болды. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жолаушының шабуылынан есінен танып қалған жүргізуші өзінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Qaz365.kz тілшісінің сауалына полиция әйелден жауап алынғанын растады.

«Мен осы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан марқұмдардың туыстарына көңіл айтамын. Менің тарапымнан ешқандай әдейі осылай істейін деген ниет болған жоқ. Мұндайды жауыма да тілемеспін. Өзімді кінәлі санамаймын. Жолаушы есімнен танып қалғанша ұрды. Ауруханада жатқанымда тергеуші келді. Біреуі ер, екіншісі әйел. Сіз зардап шегушісіз. Кінәңіз жоқ деп айтқан. Енді жазылып шыққанда ауыр бап бойынша айыптап жатқанын білдім. Өзім арендаға үй жалдап тұрамын. Екі балам бар. Солар үшін еңбек етіп келемін. Менің жұмысыма ешкім шағымданбаған. Маған осындай қылмыстық кодекс бойынша не үшін ауыр айып тағып жатқанын түсінбеймін. Егер соққы алмағанымда, мұндай жол апатына жол бермес едім. Әділдік болады деп үміттенемін», – дейді Ермек Шөкебаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан әуежайларында тасымалдауға тыйым салынған заттарды сақтау тәжірибесі тоқтатылады
Бүгін, 17:04

Қазақстан әуежайларында тасымалдауға тыйым салынған заттарды сақтау тәжірибесі тоқтатылады

Еліміздегі әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік жүйесін халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды әуежайда сақтау тәжірибесі тоқтатылады
Әкімдік Берденовтің қызметінен кеткенін растамады 
Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →