×

Қазақстанда бес дәріні пайдалануға тыйым салынды

Қаулы 2024 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді

Қазақстанда бес дәріні пайдалануға тыйым салынды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда Үкімет қаулысымен бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құжатқа сәйкес, медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған есірткі заттары бөліміне пара-фторфентанил (пара-фторфентанил), брофин және метонитазин қосылды.

Фентанил – синтетикалық, күшті анальгетик. Ол көбіне анестезиологияда, фельдшерлік және апаттар медицинасында қолданылады. Препарат физикалық тәуелділікке алып келеді. 

Брофин халық арасында "күлгін героин" деген атпен белгілі. Бұл пиперидин негізіндегі опиоидты анальгетик. Теріс мақсатта пайдаланса, ол да тәуелділік тудырады.

Метонитазен – күшті синтетикалық опиоид. Ол героин мен фентанилге ұқсас әсер етеді.

Аталған дәрілермен қоса бірнеше психотроптық заттарға тыйым салынды: 3-метоксифенциклидин және эутилон.

Фенциклидин – көктамырішілік анестезияға арналған синтетикалық фармакологиялық препарат. Ол 1950 жылдан бері медициналық мақсатта қолданылып келеді. Бірақ шамадан тыс уыттылыққа байланысты оны клиникалық тәжірибеде қолдану көп ұзамай тоқтатылды. Көп елде ол есірткі заты – синтетикалық галлюциноген ретінде танылады.

Эутилон – синтетикалық психостимулятор. Биыл қыркүйек айында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) оны ЕАЭО елдеріне әкелу және пайдалану үшін бақыланатын заттар тізіміне енгізді.

Клоназолам, диклазепам және флубромазолам медициналық мақсатта қолданылатын және бақылаудағы психотроптық заттардың тізіміне қосылды.

Сондай-ақ бақылаудағы прекурсорлар тізіміне (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз өндіруде жиі қолданылатын химиялық және өсімдік заттары) 4-метилпропиофенон кіреді.

Қаулы 2024 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →