×

Алматыдағы “қар бизнесі”: Тұрғындар қардың уақытында күрелмейтініне наразы

Техника жетпей ме? Жұмысшы аз ба?

Алматыдағы “қар бизнесі”: Тұрғындар қардың уақытында күрелмейтініне наразы
Qaz365.kz

Алматы қаласының Алатау ауданында тағы да көшедегі қар тазаланбай жатыр. Тұрғындар соңғы жылдары осындай үрдіс пайда болғанына наразы, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қалың қар жауса, әкімдердің жұмысы көрінеді. Мұны Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков білу керек. Сосын қыс бойы тоқтаусыз жаумайды қар. Биылдыққа 2-3 мәрте ғана қалың қар түсті. Бұрындары да қалың қар жауатын, бірақ аула іші, үйлердің арасын айтпағанда, үлкен жолдар бірден тазаланып, қар күрелетін. Соңғы бір жылда не өзгеріс болғаны белгісіз, қар дұрыс тазаланбайды. Техника жетпей ме? Жұмысшы аз ба? Әлде мемлекеттен қаржы бөлінбей жатыр ма? Біздің үйге жақын жерде коммуналдық қызметтің базасы бар екен. Ол «Алтын тазалық» деп аталады. Бір жыл бұрын пайда болған. Алатау деген үлкен аудан. Халқы да, аумағы да, проблемасы да көп. Сол үлкен ауданның коммуналдық жұмыстарын осындай шағын ғана мекеме қалай істейді?» – дейді журналист Жарас Ниязбек. 

Ол осы ретте қардың тазаланбауына басқа да себептер бар екенін айтып қалды. Өйткені мұны кейбіреулер бизнеске айналдырып алған. 

«Қазір бәрі коммуналдық қызмет баяу, көше тазаланбай жатыр деп жазып жатыр ғой. Бір қызық айтайын. Қар тазалаумен айналысатын компанияда істеген танысым айтып еді. Қардың көлемін ешкім өлшемейді, неше "КамАЗ" шығардың, қанша тонна күрелді, неше тонна тұз септің, ешкім есептемейді деген. Рас қой .Мұнда бір мәселе бар сияқты. Ауданда коммуналдық қызмет көрсететін компания ауысты немесе қаржыландыру азайған болуы мүмкін. Ерінбей ауданның бірнеше көшесін аралап, тұрғындармен тілдесіп көрдім. Күдігім расталды. Көпшілік бұрын қар уақытында тазаланатын дейді. Қар мүлде күрелмеді, жолдар аршылмады десем, жұмыс істеген бірнеше адамның еңбегін жоққа шығарған боламын. Сондықтан ірілі-ұсақты бірнеше тракторды көргенім рас. Күрек ұстаған адамдар да жүр. Алайда техникалар да, жұмысшылар да жеткіліксіз. Аудан әкімі Азамат Қалдыбеков қар күреуге 40 техника, 100-ге жуық адам жұмылдырылды депті. Қайда олар? Үйдің жанындағы «Алтын тазалық» деген коммуналдық мекеме бір жыл бұрын құрылған. Солардың жеткілікті техникасы бары күмәнді. Оның өзінде тынбай жұмыс істеуі тиіс техникалар тұрақта тұрғанын өз көзімізбен көрдік», – дейді журналист.

Ол әкімдікке осы мәселеге қатысты өз сауалын жолдады:
1. Алатау ауданында қар тазалау жұмыстары неге дұрыс жүрмей жатыр?
2. ⁠Шағын көшелер тұрмақ, үлкен жолдар да әлі толық тазаланбауының себебі неде?
3. ⁠Тұрғындар да омбы қардан дұрыс жүре алмауда, себебі жаяу жүргінші жолдары ең соңынан қардан аршылады.
4. ⁠Ауданда қар күреуге жауапты мекемелерде техника жетпей ме, жұмысшы жетіспей ме?
5. ⁠Жыл сайын миллиондар бөлінеді емес пе?

Айта кетейік, Алматыда кеше толассыз қар жауды. Түнде көшпелі бұлт болып, тұман түсті. Жауған қардың биікті 20 см-ге дейін жеткен. 

16 ақпанда Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 рейс тоқтатылып, 60 рейс кешіктірілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →