×

Алдағы сайлаудың он жаңалығы

Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды

Алдағы сайлаудың он жаңалығы
фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленген болатын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Қарин Ерлан  өзінің telegram парақшасында алдағы сайлаудың басты он ерекшелігін атап өтті, деп хабарлайды qaz365.kz.


1. 2004 жылдан кейін алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады (98 депутаттың 29-ы); 
 
2. Үміткерлерге партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдар атынан ғана емес, өзін өзі ұсынуға мүмкіндік туды; 
 
3. Бұл кезектен тыс сайлау болғанымен, оның өтетін мерзімі жарты жыл бұрын белгілі болды; 
 
4. Партиялардың Парламентке өтуі үшін белгіленген төменгі шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендетілді; 
 
5. Әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін қарастырылған 30 пайыздық квота партиялық тізім мен мандаттардың бөлінісі кезінде сақталады; 
 
6. Мәжілістің жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасы болмайды; 
 
7. Алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында «бәріне қарсымын» деген баған сайлау бюллетендеріне енгізіледі; 
 
8. Сайлауға 7 саяси партия қатысуға құқылы. Оның екеуі партиялар туралы заңның жаңа нормалары күшіне енгеннен кейін тіркелді; 
 
9. Облыстардағы аймақтық сайлау комиссиялары енді кәсіби түрде жұмыс істейді; 
 
10. Сайлаушылар бес бюллетень бойынша дауыс береді (республикалық маңызы бар қалалардағы бюллетень саны төртеу).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді
Бүгін, 13:19

Қазақстанда адам саудасына қатысты 197 қылмыс тіркелді

Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →