×

«Балалық шаққа саяхат деп осыны айт»: мектепті 1994 жылы бітірген түлектер 30 жылдық тойды ерекше атап өтті

Желіде қызу талқыланып жатыр

«Балалық шаққа саяхат деп осыны айт»: мектепті 1994 жылы бітірген түлектер 30 жылдық тойды ерекше атап өтті
Видеодан кадр

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылында мектеп бітірген түлектердің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тик-Ток желісінде тараған видеода тоқсаныншы жылдардағы мектеп формасын киген сыныптастар ләңгі ойнайды. Асық атып, сальто айналады. Қыздар мак аталған ойынды ойнап, мәз-мейрам болады. Соңында бәрі қосылып билейді.

Желіде осы видео көп талқыланып, оң пікір қалдырып жатқандар көп.

«Біз де солай өткіземіз», – деп те идея алғандар бар.

Осынау керемет кешті сыныптың старостасы ұйымдастырыпты. Оның зайыбы да – өз сыныптасы. 

«47 жастағы апай қалай сальто жасады», – деп тамсанады кейбір адамдар.

«Балалық шаққа саяхат деген осындай болады» дейді тағы бірі.

«40 жылдықта да осылай бастарың қосылсын» деп тілек білдіреді оларға желі қолданушылары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →