×

Ермек Көшербаев өңір журналистерін марапаттады

Қонақтарды ашық аспан астында джаз музыкасының сүйемелдеуімен фуршет күтіп тұрды

Ермек Көшербаев өңір журналистерін марапаттады
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Өскеменде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өңір басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтап, аталған саланың дамуына қосқан үлесі үшін ерекше форматта марапаттады. Қонақтарды ашық аспан астында джаз музыкасының сүйемелдеуімен фуршет күтіп тұрды.

   - Журналистер көбінесе азаматтардың пікірін айқындай отырып, құндылықтар, адамгершілік және саяси бағдарлар қояды. Интернеттің қарқынды дамуына және біздің сандық дәуірімізде ақпараттың барынша тез таралуына қарамастан, дәстүрлі БАҚ сенімді жаңалықтардың басты көзі болып қала береді. Осының бәрі журналистердің кәсібилігінің, таланттылығының, объективтілігінің және бейтараптылығының арқасында, - деп атап өтті облыс әкімі.

   Аймақ басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» медалін «Қазақстан» телеарнасының жеке тілшісі Олжас Керейханға және «Хабар» телеарнасының жеке тілшісі Вячеслав Ветлугинге тапсырды. «Атамекен бизнестің» жеке тілшісі Жанболат Санияз «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, аймақ басшысы 8 БАҚ өкілін өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін грамоталармен және сыйлықтармен марапаттады. Олардың қатарында Ирина Плотникова, Салтанат Орынбекова, Антон Сергиенко, Меруерт Бахтиярова, Нұржан Қалекенов, Анель Есенбердина және Айзада Юнусова бар.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →