×

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды

Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды
фото: ҚР ТЖМ

 

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды, деп хабарлайды qaz365.kz ҚР ТЖМ-іне сілтеме жасап.

“Келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады. Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде.

Еске сала кетейік, ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар”, – деп хабарлады  ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.


Естеріңізге салсақ, Қазақстандық құтқарушылар жасағы Түркияға аттанғанын жазған едік

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →