×

«Үрейде өмір сүр де, Алладан жазаңды күт»: депутат Тұрлыхановтың қызы адвокат Черновтарға сес көрсетті

Тұрлыхановтың қызы ағасы Нұрасыл Болат сотталғанына байланысты ашуға булыққан.

 

«Үрейде өмір сүр де, Алладан жазаңды күт»: депутат Тұрлыхановтың қызы адвокат Черновтарға сес көрсетті
uww.asia / видеокадр

Заңгер Анна Чернова мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың қызы тарапынан төнген қауіп барын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Тұрлыхановтың қызы ағасы Нұрасыл Болат Черновтардың жұбайын ұрып-соққаны, пробацияда жүргенімен тойда, караокеде жүргені үшін сотталғанына байланысты ашуға толы "сторис" қалдырған.

Заңгерлер Олег пен Анна Черновты ұрып соққан Нұрасыл Болат пробация тәртібін бұзғаны үшін 1 жыл 5 ай мерзімді қауіпсіздігі орташа колонияда өткізеді.

– Нұрасыл Болаттың әпкесі бізге қарғысын жаудырып жатыр. Мұны біз қорқыту деп қарастырамыз. Мен күн сайын қорқынышпен өмір сүруім керек, денсаулыққа зиянның қалай тиетінін тағы не білемін? Менің балаларым туралы да айтады. Сотталғанның туыстарына үкімді Қазақстанның Жоғарғы соты шығарғанын, ал Медеу ауданының соты сотталғанның іс-әрекеті үшін жазаны ауыстырғанын еске салғым келеді. Мұның бәрі заң бойынша жасалған және біз емес жазалаған, - деп жазды Анна Чернова Instagram парақшасында.

Дәулет Тұрлыхановтың қызы Аиди Жұмаділова адвокаттарға қарата стористе мынадай сөз қалдырған.

«Сен бізді бұғаттап, әкем мен ағаларым жайлы жазып отырсың. Қорқақтық! Алла сені мені және менің отбасыма қарата айтылған әр өтірік сөзің үшін жазаласын! Сендер өздеріңнің «жақсы» дәрігерлеріңнің анықтамасын көрсетіп, денсаулықтарыңа орташа зиян келгенін көрсеттіңдер ме? Денсаулыққа нағыз зиян қалай келетінін Алла сендерге көрсетсе екен! Өтірік айтасың, Құдайдан қорықпайсың ба? Балаларыңды өсіріп, өзіңді қалай анамын деп айтасың? Ұят! Үрейде өмір сүр де Алладан жазаңды күт. Оның әділетті сотынан қашып құтылмайсың!» - деп жазған депутаттың қызы.

Еске салсақ, бүгін Алматыда мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі бойынша сот үкімі шықты. Сот шешімімен Нұрасыла Болат қалған 1 жыл 5 ай 10 күнін қауіпсіздігі орташа колонияда өткізетін болған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →