×

Ұлттық компаниялар дивидендтерінің 50% енді мемлекет бюджетіне аударатын болады

Еркін Әбіл тағы бір үлкен жаңалық ретінде дивиденттік саясатты атап өтті

Ұлттық компаниялар дивидендтерінің 50% енді мемлекет бюджетіне аударатын болады
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Еркін Әбілдің айтуынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан бастап барлық ұлттық компаниялар жобалары енді міндетті түрде сараптамадан өткізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еркін Әбіл Мәжіліс кулуарында бюджет кодексі бойынша мемлекетке қатысты бүкіл қаражат енді шоғырланып біріктірілетінін айтты. Оның сөзінше, бұрын республикалық бюджеттер мен жергілікті бюджеттер Мәжіліс және мәслихатқа қараған. Енді квазимемлекеттік сектордың бюджетімен әртүрлі мемлекеттік бюджеттің қорлары Парламент бақылауында болады. Екіншіден, бүкіл бюджеттік процесс енді қысқартылып, бюджетті дайындау, жоспарлау, бекіту процестері 50 пайызға қысқартылады. Үшіншіден, бүкіл бюджеттік процесс ашық транспарентті түрге ауысады.

«Біздің талабымыз – бәрі цифрлық түрде болуы керек. Бүкіл бюджетті дайындау... Әр жобаға тапсырысты дайындаудан бастап нәтижеге жетуге дейін. Тағы бір үлкен жаңалық, бюджеттік процесті бағалау – бұрынғыдай қаражатты игеру емес, белгілі нәтижеге жету арқылы болады. Бүгінгі күнге дейін, естеріңізде болса, бастапқы көрсеткіш бөлінген қаражатты игеру болды. 100 пайыз игерді-игермеді деп бағаладық. Енді нәтижеге жетті ме, жетпеді ме, соны қарайтын боламыз», - дейді ол.

Еркін Әбіл тағы бір үлкен жаңалық ретінде дивиденттік саясатты атап өтті. Оның сөзінше, квазимемлекеттік сектордың дивинденттік саясатын бұрын Үкімет өзі шешкен. Енді ол нақты бюджет кодексінде бекітілген. 

«Бүкіл квазимемлекеттік ұйымдардың таза табысының 70 пайызы, «Самұрық-қазынаның» дивиденттерінің 50 пайызы енді бюджетке түседі. Бюджеттен тыс «Самұрық-Қазына» жасаған жобалар міндетті түрде сараптамадан өтеді», - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев
31.03.2025ж. 10:48

Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған
Қазіргі заманғы қарулы қақтығыстар адам шығыны болмайтын, бірақ тиімділігі жоғары техникалардың алдыңғы қатарға шығуымен ерекшеленеді
Тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →