×

Талғарға жаңа әкім сайланды

Тізімде үш үміткер болды.

Талғарға жаңа әкім сайланды
Инстаграм "Талғар тұрғын үй"

Дауыс беру нәтижесінде бұл қызметті Арыстанбек Әбілқайырұлы атқаратын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талғар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Арыстанбек Әбілқайырұлына 9071 сайлаушы дауыс берген.

“Сайлаушылар тізіміне барлығы 42 774 адам енгізілді, оның 12 875-і дауыс берді. Қала әкімі лауазымына үміткер Жәнібек Кәденов 1 875, Әлібек Рамазанов 1 140 дауыс жинады. 182 сайлаушы барлығына қарсы дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша, Талғар қаласының әкімі болып Абилхаирұлы Арыстанбек сайланды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, тізімде үш кандидат болды.

«Талғар тұрғын үй» ЖШС-нің басшысы,1983 жылы туған Арыстанбек Абихаирұлы «Amanat» партиясы атынан ұсынылды.

Екінші үміткер – Жәнібек Каденов. 1991 жылы туған. Ол «Талғар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қаржы-шаруашылық бөлімінде бас маман болып жұмыс істейді. Оны Қазақстан халықтық партиясы ұсынды.

Соңғы үміткер – Әлібек Рамазанов. Ол өзін-өзі ұсынған. Ол Бесағаш ауылдық округінің аппараты мемлекеттік мекемесінде әкімнің орынбасары болып қызмет етеді.

Еске сала кетсек, Талғарда 2024 жылдың 15 желтоқсанында қала әкімінің сайлауы өтті.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
01.07.2025ж. 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →