×

Кәрім Мәсімов қазір қайда – ҰҚК жауап берді

Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылған еді

Кәрім Мәсімов қазір қайда – ҰҚК жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов әлі де тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті CentralMediaNews редакциясының ресми сұрауына берген жауабында Кәрім Мәсімовтың Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отырғанын хабарлаған.   

Оған қатысты екі сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК:

ҰБТ 218-баптың 3-тармағы, 3-бөлігі бойынша: "Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру";

4-бөлім, 366-бап: "аса ірі мөлшерде пара алу".

Еске сала кетейік, 2023 жылдың сәуір айында Астанадағы сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, Қаңтар оқиғалары кезінде билікті күшпен басып алуға тырысқаны және өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның жаһандық бейбітшілік архитектурасындағы рөлі: «Орта державалар» дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер
Бүгін, 13:43

Қазақстанның жаһандық бейбітшілік архитектурасындағы рөлі: «Орта державалар» дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер

Қазақстанның гуманитарлық миссиялардағы, бітімгерлік бастамалардағы тәжірбиесі өте үлкен
Қазақстанның ерекше рөлі – мемлекеттің халықаралық маңызды акторлардың барлығымен позитивті қатынастар орнатқанында
Қатысушыларға «Ассамблея Жастары» жастар театрының «Qutqar meni» спектаклі ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →