×

Түркістаннан Астанаға ауысқан Дархан Сатыбалды Тоқаевтың қабылдауына кірді

Түркістаннан Астанаға ауысқан Дархан Сатыбалды Тоқаевтың қабылдауына кірді

Мемлекет басшысысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Айта кетейік, Дархан Сатыбалды Түркістан өңіріне 2022 жылдың тамызында басшы болып келген болатын. Оған дейін Қазақстанның Өзбекстандағы өкілетті елшісі болған. Ал 6 қаңтарда Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
01.07.2025ж. 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →