Ол Қазақстанда кез келген дүние заң аясында жүзеге асырылатынын атап өтті
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жемқорлыққа бетпе-бет тап болмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Тұрмыстық жемқорлықпен бетпе-бет кездеспедім. Себебі өмір бойы қоғамдық жұмыстарда еңбек еттім. Менің жақындарымда да ондай болмады. Өз басым өмірімде жемқорлыққа тап болмаппын. Тіпті мектепте мұғалім болғанда да ондай болмаған. Жалпы соңғы кезде жемқорлыққа төзімділік 0-ге тең», - деді депутат.
Бейсенбаев Қазақстанда кез келген дүние заң аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.
«Заңсыз әрекет жасап, оны ақшамен шешуге тырысса, ол шешілмейді. Заң керісінше талап қояды. Сондықтан осыны түсіну керек», - деді Елнұр Бейсенбаев.