×

Маңызды құжатқа 20 жыл: Тоқаев Путинді құттықтады

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толды

Маңызды құжатқа 20 жыл: Тоқаев Путинді құттықтады
akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды
Бүгін, 00:12

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамты, барлығы 30 мың респондент қатысты
Шетелдік делегация Астана қаласындағы бірнеше дауыс беру учаскесінде болды
Ерлі-зайыптылар дауыс беруге бір жастағы қыздары Томириспен бірге келді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →