×

Дариға Назарбаева Қазақстандағы соңғы қызметтерінің бірінен айырылды

Бұл ақпарат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 3 сәуірге дейін жалғасады.

Дариға Назарбаева Қазақстандағы соңғы қызметтерінің бірінен айырылды
Фото: parlam.kz

Ел Үкіметі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгертті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Кеңестен Дариға Назарбаева, Александр Машкевич, Алмасадам Сәтқалиев және басқа да мүшелер шықты.

Бұл ақпарат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 3 сәуірге дейін жалғасады.

Қазір қамқоршылық кеңестің кейбір мүшелері қаулыда көрсетілген лауазымдарды атқармайды. Кадрлық өзгерістерге байланысты қамқоршылық кеңес құрамына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады», – делінген құжат жобасында.

Құрамдағы өзгерістер

Қамқоршылық кеңестің бұрынғы мүшелері:

  • Дариға Назарбаева

  • Тимур Құлыбаев

  • Алмасадам Сәтқалиев

  • Александр Машкевич

  • Патох Шодиев

  • Кенес Рақышев

  • Нұрлан Смағұлов

  • Лучано Васкес

Жаңа құрамға енгендер:

  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева

  • Астана әкімі Жеңіс Қасымбек

  • «Астана Опера» директоры Александр Совостьянов

  • «ҚазАзот» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бахаридин Аблазимов

  • «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Райымбек Баталов

  • «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов

  • ERG S.a.r.l. директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов

  • Agip Karachaganak B.V. төрағасы және басқарушы директоры Хойтинг Сегер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Журналист Думан Мұхаммедкәрім  рақымшылыққа іліне ме  – Мәжіліс депутаты жауап берді
27.06.2025ж. 13:41

Журналист Думан Мұхаммедкәрім  рақымшылыққа іліне ме – Мәжіліс депутаты жауап берді

Мәжілісте Тәуелсіздіктің 33 жылдығына орай рақымшылық жасау жөнінде заң жобасы әзірленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →