×

Зеленскийге «Түркияға шабуыл жаса» деген депутат мандатын тапсыратын болды

Ол Қазақстан халқы мен партияластарынан жіберілген қателік үшін шын жүректен кешірім сұрайтынын айтты

Зеленскийге «Түркияға шабуыл жаса» деген депутат мандатын тапсыратын болды
Коллаж stan.kz

 Алматы мәслихатына AMANAT партиясынан сайланған депутат Анна Башинская мандатын тапсыратын болды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Еліміздің бейбітшілік сүйгіш саясатына көлеңке түсіргім келмейді. Сондықтан осы күндері көп ойландым. Менің әрекетімді айыптағандардың ойын терең түсіндім. Осындай қиын жағдайда пікірім орынсыз болғанын тағы да атап өткім келеді. Қоғам алдында мәселені қиындатып жібердім. Осы орайда партияның ресми ұстанымымен толықтай қосыламын. Мен өзімнің жеке жауапкершілігімді сезіне отырып, депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым», – деді Анна Башинская.

Ол Қазақстан халқы мен партияластарынан жіберілген қателік үшін шын жүректен кешірім сұрайтынын айтты. 
Бұған дейін Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров «бұл пікірі партияның көзқарасын білдірмейді, бірақ бұл мәселені партия бей-жай қалдырмаймыз» деген болатын.
Айта кетейік, Алматы мәслихатына AMANAT партиясынан сайланған депутат Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийге Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға кеңес берген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →