×

Санкцияға ұшыраған ресейлік банк қазақстандық банкке уақытша доллар аудармайтын болды

Рубль, теңге және юань түріндегі ақша аударымдары жүргізіле береді

Санкцияға ұшыраған ресейлік банк қазақстандық банкке уақытша доллар аудармайтын болды
pixabay.com

Ресейлік банк - "Тинькофф" Қазақстанның Freedom Finance банкіне доллар бойынша уақытша SWIFT-аударымдар жасамайды, бірақ аталған кредиттік ұйымға рубль, теңге және юань түріндегі ақша аударымдарын жүзеге асыруды жалғастыра береді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Тинкофф" банкінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шектеулер 17 шілдеден бастап күшіне енеді.

"Біз өз тұтынушыларымызға Freedom Finance қазақстандық банкіне доллар бойынша SWIFT-аударымдарды тоқтата тұратынымызды хабардар етіп жатырмыз. Шектеулер 17 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл ретте рубль, теңге және юань түріндегі ақша аударымдары бойынша жұмыс жалғастырыла береді", делінген банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін "Тинкофф" Freedom Finance банкіне валюталық аударымдар бойынша белгілі бір шектеулер енгізген, бір реттік ақша аударымының мөлшері 20 мың долларға дейін шектелді. 2023 жылдың ақпанында "Тинкофф" ЕО-ның санкциясына ұшырады.

Наурызда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Ресей территориясында карталар сату туралы қауесеттерге түсініктеме берді. Ол кезде әлеуметтік желіде ресейлік банк - "Тинкофф" өз тұтынушыларына қазақстандық Freedom Bank-тің карталарын сатып жатыр деген ақпарат пайда болған еді. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →