×

Украинада соғыс басталғалы Солтүстік Қазақстандағы сепаратизмдік көңіл-күй қалай күшейді

Елімізде қос азаматтыққа заңмен тыйым салынғанына қарамастан, кейбір адамдар жасырып жүруді әдетке айналдырған

Украинада соғыс басталғалы Солтүстік Қазақстандағы сепаратизмдік көңіл-күй қалай күшейді
mezgil.kz

Ресейде тыйым салынған «Новая газета Европа» басылымының журналисі «Украинада соғыс басталғалы Қазақстандағы сепаратизмдік көңіл-күй қалай күшейді?» деген сұраққа жауап іздеу мақсатында Петропавл қаласына барыпты. Ол жергілікті тұрғындармен, кәсіпкерлермен, тілшілермен сөйлесіп, солтүстік өңірде «Қазақстанды Отаным деп көрмейтіндердің» қатары біршама екенін анықтапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі mezgil.kz-ке сілтеме жасап.

Қос азаматтық туралы...

«Петропавловск.news» тәуелсіз басылымының иесі Екатерина Назаренконың айтуынша, Солтүстік Қазақстанда Ресей азаматтығын алу дәстүрі ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Елімізде қос азаматтыққа заңмен тыйым салынғанына қарамастан, кейбір адамдар жасырып жүруді әдетке айналдырған. Екатеринаның сөзінше, Петропавлдағы орыстар көбіне екінші азаматтықты жасатып алады.

«Қос азаматтықты алуға әртүрлі себептер болып жатады. Кейбірі ғаламтордағы ұлтшылдардың жағымсыз пікірін оқып, орыс тілділерді елден қуып шығуы мүмкін деп қорқады. Шындығында одан қорқудың қажеті жоқ. Мемлекет үнемі орыс тілі Қазақстанда ұлтаралық тіл ретінде мойындалғанын айтып отырады. Екінші себеп, өзі Ресейде тұрып, Қазақстанда кәсіп жүргізетіндердің бас пайдасын ойлауы. «Бәрін алдап соғып, екі елден де пайда табамын» деген ниет жатыр. Бұл Ресейге деген махаббаттан емес», - дейді ол.

Жай ғана есі ауысқан адам...

Биыл 31 наурызда «Қазақстаннан өз тәуелсіздігімізді аламыз» деп жүрген «Халықтық еңбекшілер кеңесі» деген топты ұйымдастырушының бірі - Вячеслав Зудерманды қалалық мәслихат депутаты Павел Афанасьев «есінен адасқан біреу» деп сипаттады. Депутаттың сөзінше, тіпті топ мүшелерінің жиналуына бастарындағы мәселелер себеп болған-мыс. Олардың мемлекеттік органдарға әртүрлі өкпесі болған, соны айтуға жиналған.

«Мемлекетті түсінемін. Бүгін «Халықтық кеңес» сияқты аңғал, алысты ойлай алмайтындар жиналады. Бірақ кейбір ақшалы топтар оппозициялық партия оларды өз мүдделеріне пайдалануы мүмкін. Сол кезде олар ел үшін нағыз қауіпке айналады», – дейді ол.

Ал «Халықтық кеңесті» қолдайтын Наталья Маслова (тегі өзгертілген-ред.) деген кәсіпкер «Қазақстан мен Ресейдің тағдыры бір. Қазақстан Ресейсіз өмір сүре алмайды. Қытайлар бізді жеп қояды», - дейді.

Ресейшіл қазақстандық – Вагнер: Бізге қос азаматтық керек...

Петропавлдағы сауда орталығының басшысы, кәсіпкер Пётр Вагнер деген адам Ресеймен шектесетін Архангельск ауылына орыстың соңғы императоры Николай Екіншіге ескерткіш орнатқан. Жергілікті тұрғындар мен билік ескерткішті отарлықтың белгісі деп алдыртып тастаған.

Вагнер Қазақстанда қос азаматтық болуы керек деп санайды.

«Кеңес Одағы ыдыраған кезде ешкім бізден Ресейде тұрғың келе ме, әлде Қазақстанда ма деп сұраған жоқ. Менің ойымша, қарапайым халыққа таңдау беру керек. Бізде неге референдум болған жоқ? Ең құрығанда қос азаматтыққа рұқсат беру туралы. Менің үстімнен аттап өте салған секілді болды. Мемлекет деген халық. Билік адамдардың пікірімен санаспай, содан қазір Қазақстанның өзі зардап шегіп отыр. Адамдар бұл жерден кетіп жатыр, әсіресе Ресейге. Кеңес Одағы дайындаған білікті мамандардан айырылып жатыр», - деді ол.

Вагнер: «Қазақ тілінің ешкімге керегі жоқ», - дейді.

«Орыс тіліне қысым жасалып жатқанын, мектептерге қазақ тілін күштеп енгізіп жатқанын көріп отырмыз. Сол кімге керек (қазақ тілін айтып отыр-ред.)? Халықаралық тіл ме еді ол? Сөйлегісі келгендер сөйлесін. Кім сөйлегісі келмей жатыр? Біз солтүстік өңірміз, Петропавловск. Алғашында Тобыл губерниясы, кейін Омбы болған», - дейді Вагнер.

Ол Петропавлдың тарихи атауы Қызылжар деп аталуына үзілді-кесілді қарсы.

«Бұл Петр мен Павелдың қаласы. Олар осы қаланы қалаған. Қайдағы Қызылжар? Бұл Петропавл бекінісі болған, «Горькая линия» (18-19 ғасырларда казактар салған әскери қорғаныс бекінісінің аты- ред.) болған. Не деген тәкәппарлық бұлай дегендерің? Солтүстік Қазақстанды сендерге бере салған.

Менен ешкім сұраған жоқ, халықтан ешкім сұраған жоқ. Мұнда 70 пайыз орыстілді халық тұрады. Бұл жерді Пенза казактары игерген. Содан кейін мұнда тың игерушілер келді, мұнда Сталин депортациялаған халықтар тұрды. Неліктен біз үшін шешім қабылдайды?

Павлодар облысы да, Орал облысы да, Петропавл да орыстың жерлері болған», – деді Вагнер.

Ол: «Ресейдің Украинадан Қырымды тартып алғанында тұрған ештеңе жоқ», - дейді. Оның ойынша, Украинаның Ресей басқыншылығынан азап көруі «тыңдамай қойған баланы ұрып жазалаған» сияқты нәрсе.

«Орыс әлемінің айқын бет жүзі осындай. Архангельскідегі қалпына келтірілген ғибадатхана жай ғана Петр Вагнердің бизнес-жобасы ретінде қабылданды. Ол жерде оның наубайханасы орналасқан. Қазір православиелік перзентхананы пайдалануға бермек. Вагнер» діни қызметкерге де, әйелдерді босандыратын дәрігерлерге де жалақы төйлеймін» дейді. Әрине, мұның бәрі тек бизнес-жоба ғана...», - деп жазады басылым.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады
Кеше, 11:12

Президент Қарағанды облысының әкіміне сөгіс жариялады

Бұған дейін Саран қаласының әкімі қызметінен босатылған
Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады
Қазіргі таңда 8 млн 400 мың қазақстандықтың несиесі бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →