×

"Кей жерде дұрыс түсінбей қаламын ба деп қорқамын": Ішкі істер министрінің орынбасары қазақша үйреніп жүр

Сондай-ақ министр  мемлекеттік тілде баяндама жасай алатынын айтты

"Кей жерде дұрыс түсінбей қаламын ба деп қорқамын": Ішкі істер министрінің орынбасары қазақша үйреніп жүр
t.me/KZgovernment

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қазақша үйреніп жүргенін, мемлекеттік тілде баяндама жасай алатынын жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәжілісінде тілшілер «Қазақ тілін білесіз бе? Білмесеңіз, үйрену жоспарда бар ма?» деп сұрады. 

«Мен қазақша үйреніп жүрмін. Қазір аздап сөйлеймін. Қызметтік құжаттарды оқи аламын. Баяндама (мемлекеттік тілде) жасай аламын», - деді Игорь Лепеха.

Сонымен қатар ол журналистердің сұрақтарына неліктен орысша жауап беретінін түсіндірді.

«Мен қазір кейбір даулы сұрақтарға қате жауап беріп қаламын ба деп қорқамын. Сіздерді кей жерде дұрыс түсінбей қаламын ба деп немесе бір жерде қате жауап беремін бе деп қауіптенемін. Барлық жиында, кеңесте барынша қазақ тілінде сөйлеуге тырысамын», - дейді министрдің орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →