×

«Қатаң шара қабылдайтын уақыт жетті»: Бишімбаев ісінен кейін депутаттар Үкіметке нақты талап қойды

Депутаттар Үкіметке нақты талаптар қойды

«Қатаң шара қабылдайтын уақыт жетті»: Бишімбаев ісінен кейін депутаттар Үкіметке нақты талап қойды
Коллаж Qaz365.kz

Бүгін бір топ депутат Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Олар экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қылмысынан кейін қоғам дүрбелеңге түскенін айта келе Үкіметке нақты талаптарды қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жемқорлық үшін сотталып, артынан рақымшылыққа ие болған экс-шенеунік өз әйелін өлтірді деген күдікпен жантүршігерлік ашық ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті. Отбасылық зорлық-зомбылық, қатыгез патриархалдық озбырлыққа шыдамаған әйелдердің жан дауысын еститін және қатаң шара қабылдайтын уақыт жетті деп білеміз», – дейді депутаттар атынан Жұлдыз Сүлейменова.

Сүлейменованың сөзінше, елімізде 2020 жылдан бері бұл салада жүйелі шаралар қабылданып келеді. Депутаттардың ұсынысымен заңнамаға бірнеше қатаң өзгерістер енгізілген. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда, хаттама жасау үшін қазір куәгерлердің айғақтарына және бейне бақылауға сүйене отырып, зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша жәбірленушінің арызынсыз іс қозғау қарастырылған. 

«Бірақ осыған қарамастан, зорлық-зомбылықтың толастамауы әйелдердің құқығын қорғау, балалардың қауіпсіздігін сақтау заңнамасын қатаңдатумен бірге, қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілік принципі, заң мен тәртіптің қатаң сақталуы дәріптеліп, насихатталуын қажет етеді. Сол кезде қабылданған заңдар сапалы орындалатын болады», – дейді ол.

AMANAT партиясы фракциясы қыркүйекте осы тапсырманы орындау мақсатында, балаларға және отбасындағы әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне» арналған заң жобасын шұғыл әзірлеген. Заң тұжырымдамасындағы түзетулер зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде тану, педофилдерге өмірбақи бас бостандығынан айыру жазасын кесу, жалпы жаза мен жауапкершілікті күшейту тетіктерін қарастырады.

«Өкініштісі сол, түсініксіз себептермен заң әлі Мәжіліске енген жоқ. Үкіметтік емес ұйымдардың зерттеулеріне сүйенсек, 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40 пайызы жеткен. Олардың тек 39 пайызына ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік жаза қарастырылған. Қорғансыз қазақ қызының қасіретті тағдырына қалам тербеген Мұхтар Әуезовтың кезінде «Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе!» деген сөзі бүгін де өзекті. Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін – адамның ар-намысын құрметтейтін құқықтық мәдениетті жастар арасында қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбие беру, моральдық ұстанымды бекіту, жауапкершілікті күшейту, ең бастысы заңдағы жазаны қатаңдату және оның сапалы орындалуын қадағалау шарт», – дейді ол.

Осыған орай депутаттар Үкіметке мынадай талаптарды қойды.

«Әйелдер мен балалар зорлық-зомбылықтың құрбаны болмас үшін тіпті жеңіл түрдегі зорлық-зомбылық қылмыс деп танылуы қажет. Әйел мен балаға зорлық-зомбылық көрсеткендерге аяушылық танытуға болмайды. Ешкімнің әйел адамдарды қорлап өлтіруге қақы жоқ! Қылмыскерге қатаң жаза берілуін талап етеміз! Заңнамада тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алатын, қатаң шаралар қабылдайтын жауапты мемлекеттік органды бекітетін уақыт жетті. Үкіметтің әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ажырасқан әйелдерге алиментті уақытылы төлеуге бағытталған нақты механизмдері айқындалған мемлекеттік саясатты бекітуді сұраймыз», – дейді депутат.

Сондай-ақ ол отбасылық зорлық-зомбылықтың профилактикасы мен криминализациясы қарастырылған бірнеше депутаттардың бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған» Заң тұжырымдамасын Үкіметтің Мәжіліске енгізуін сұрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді
22.11.2024ж. 17:35

Сыздықбеков мемлекетке қайтарғысы келетін Шымкенттегі су компаниясының қарызын кім өтейді

Компанияның банк алдындағы 12 млрд теңге қарызы өтелмеген.  
Жемқорлықпен күресу жалғыз менің емес – барлық ел басшыларының міндеті
Бүгін Шымкент қаласында республикалық брифинг өтіп жатыр
Жаңа вице-министр бүгінгі Үкімет Қаулысымен тағайындалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →