×

Авторитарлық жүйені сақтап қалды – Досым Сәтпаев Елбасы туралы заң жөнінде

Танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев Тұңғыш Президент Назарбаев туралы заң күшінің жойылуы жайында пікірін бөлісті

Авторитарлық жүйені сақтап қалды – Досым Сәтпаев Елбасы туралы заң жөнінде
Facebook / Досым Сатпаев

Танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев Тұңғыш Президент Назарбаев туралы заң күшінің жойылуы жайында пікірін бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Саясаттанушы Тұңғыш Президент туралы заң авторитарлық жүйе мен жеке тұлғаға табынушылықтың жемісі болды деп есептейді. Оның айтуынша, қазір бұл заңның күшін жойып жатқандар оның қалыптасуына атсалысқан.

«Өткен жылғы конституциялық референдум мен кезектен тыс президенттік сайлау авторитарлық жүйені сақтап қалды.

Екінші Президенттің кадрлық саясаты азаматтық қоғам қатысатын реформаторлар тобы емес, жүйенің өзінен жаңа формация пайда болатын ескі жүйені еске салады. Бұл әрдайым жаңа жеке культтің пайда болуына әкеп соқтырады»,  – деп жазды ол.

Оның айтуынша, мұның бәрінің бір көрсеткіші - қазіргі биліктің бұрынғыша сынды көтере алмауы. Ол бұл билікті "Жаңа Қазақстан" камуфляжындағы "ұжымдық Назарбаев" деп атайды.

«Классикалық авторитарлық жүйені «цифрлық авторитаризм» алмастырып жатыр, мұнда үнемі ақпараттаттық кибершабуылдар орын алып, азаматтық белсенділер мен журналистердің тарапына анонимді телеграм арналардан да, үкіметшіл қызметкерлердің аузынан да лас сөздер айтылып жатыр.

Тұңғыш Президент туралы заңды алып тастау билікке заңды түрде оңай болды. Олар тіпті мұны да созды. Бірақ «ұжымдық Назарбаевты» үстем таптың миынан, жүрегінен және моральдық құндылықтарынан алып тастау әлдеқайда қиын болады», - деп санайды  Досым Сәтпаев.

Сондай-ақ, саясаттанушы Тұңғыш Президент туралы заңның күшін жоюдың тиімсіздігін атады, өйткені оны әлі күнге дейін тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана соттауға болады.

«Тұңғыш президент туралы заңның өзіне келер болсақ, оның күші жойылған кезде «Тұңғыш президент пен оның отбасы мүшелерінің қаржылық қызметіне қатысты тексерулер жүргізіле ме» деген сұрақ туындайды. Өйткені, бұл заңды қабылдаудың мақсаттарының бірі "Тұңғыш Президентке және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ ол құрған заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қоюға болмайды"деген тармақты енгізу болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік құпиясы мен банк шоттарына қол сұғылмауына кепілдік берілді. Тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталуы мүмкін экс-президенттерге әлі қол сұғылмаушылықтың құқықтық кепілдіктері бар екені анық», - деді саясаттанушы.

Саясаттанушы қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты атап өтіп, оның Қазақстан байлығының жартысына иелік ететіндер санының аздығы туралы мәлімдемесін еске түсірді.

«Бірақ Тоқаев қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Қазақстанның әл-ауқатының жартысын иеленетін 162 адам туралы айтқан болса, онда "Жаңа Қазақстан" аясында осы 162 адам пайда болған жүйені құрғандардан бастау керек еді», - деп түйіндеді Досым Сәтпаев.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

"Бұл – ерекше құрмет пен шынайы ризашылықтың белгісі", - деді Мемлекет басшысы
Ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізілмек

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →