×

«Қызыл тіл, суырыпсалма шешен»: Бақытжан Базарбек министр Саясат Нұрбекті сынға алды

Депутат министрдің жұмысын сынға алды

«Қызыл тіл, суырыпсалма шешен»: Бақытжан Базарбек министр Саясат Нұрбекті сынға алды
Фото: ашық дереккөздерден

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Бақытжан Базарбек Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жұмысын сынға алып, Алматыдағы сейсмологиялық институттың жағдайына назар аударуды сұрады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Шіркін, біздің министрлеріміз сіз сияқты қызыл тіл, суырыпсалма шешен болса, барлық сұраққа жауап болатын еді. Әдемі өлең сияқты сізді қазір тыңдап отырмыз. Дүйсенбі күні Алматыда үлкен жер сілкінісі болды. Күні кеше мен Алматыдағы сеймология институтының қызметкерлерімен кездестім. Жаңа ғана сіз Үкіметтен қолдау көрсетіліп жатыр деп бірталай іс-шараны айтып жатырсыз. Іс жүзінде Сейсмология институтының қызметкерлері бейшараның күнін көріп отыр. Ешқандай ғылыми жобалары қабылданбады. Ғылыми жобаны министрлікке жіберсе, оны қайтарып жіберіп жатыр. Бүкіл қаржыландырудан қысқартып тастады. Олар айлығын да алмайды. Міне, сондай дәрежеге жетіп отыр. Ал сеймостанциялардың өзі қаңылтыр темір, оны музейге де қабылдамайды. Міне, қазір сейсмоқауіпсіздіктің дәрежесі осындай», – деді депутат.

Ол сейсмолог ғалымдардың айтуынша, бұл қателік деп отыр. Оны Ғылым және жоғары білім министрлігіне қайтару керек деп санайды.

 «Тыңдаңыз. Екіншіден, заң жобасын қарап отырмын. Көп нәрсе жазылған, бірақ түйін өте аз. Басқаша айтқанда, экономикалық ынталандыру механизмдері өте аз. Заң шикілеу сияқты. Неге заң жобасының өзінде ғылыми институттарды қолдаудың экономикалық тетіктері көрсетілмеген?» – деді Бақытжан Базарбек.

Бұл сұраққа жауап берген Саясат Нұрбек шын мәнінде бірталай институт салалық министрліктерге берілгенін айтады. 

«Ауыл шаруашылығында да көп мәселе жиналып қалды. Оның ішінде сейсмология институты да қазір ТЖМ қарауында. Өкінішке қарай, ол дұрыс емес. Бірақ оларда толыққанды қаржыландыру да жоқ. Біз де оларға кіріп, ішкі процедураларын қолдай алмаймыз. Сондықтан қайтарылса, біз қарсы болмаймыз. Бірақ биыл нысаналы грант ретінде институтқа 3,5 млрд теңге беріп отырмыз. Берілгені, меніңше, дұрыс болады», – дейді Саясат Нұрбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →