×

«Сыртқы күштер бар»: депутат Сайыров ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция жайлы айтты

Петиция – мемлекет пен үкіметтің шешімдеріне тікелей әсер етуге бағытталған жаңа форма

«Сыртқы күштер бар»: депутат Сайыров ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петиция жайлы айтты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров еліміздегі ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы жарияланған петицияға қатысты пікір бірдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Петиция – мемлекет пен үкіметтің шешімдеріне тікелей әсер етуге бағытталған жаңа форма. Егер ондай петиция болып, адамдар дауыс берсе, халықтың бір бөлігін ол алаңдатады деген сөз. Адамдарда қандай да бір қорқыныш бар. Біз әлемдік жаһандану кезінде өмір сүріп жатырмыз. Біз кейбір адамның дәстүрлі құндылықтарымызды сақтап қалуға тырысатынын түсінуіміз керек. Біз петицияға қарсы да бола алмаймыз, қолдай да алмаймыз», - деді Саиров Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында.

Депутаттың айтуынша, петиция жарияланып, 50 мың қол жиналса, халықтың бір бөлігін ол қатты толғандырады деген сөз.

«Олардың жанайқайын тыңдау керек. Меніңше, қазақстандықтардың жүріп-тұру тұрпайылығына әсер ететін сыртқы ақпараттық күштер мен агенттер бар», – дейді ол. 

Айта кетейік, «Қазақстандық ата-аналар одағының» басшысы Бағила Балтабаева ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялады. Екі апта ішінде құжат 50 мың адам қол жинады. Оны Мәдениет және ақпарат министрлігі қарайтын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →