×

«2030 жылы соғыс болуы мүмкін»: депутат дабыл қақты

Ол Қорғаныс министрлігіне жалпы ішкі өнімнің 1,8 пайызы бөлінгенін айтты

«2030 жылы соғыс болуы мүмкін»: депутат дабыл қақты
Фото: parlam.kz

Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланып жатыр. Ұлттық экономика министрлігінен Қорғаныс министрлігіне бөлінген қаражатты сұраған депутат Ермұрат Бапи ел бюджетін сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Қазақстан бюджеті – ешкінің кепкен терісі сияқты дейді.

«Осы бюджеттің жобаларынан байқап отырғанымыз – тапшылық. Бұл енді кепкен тулақ сияқты дүние ғой. Ешкінің кепкен терісі сияқты, былай тартсаң да, олай тартсаң да жетпейді. Екі жаққа тартсаң, жыртылып кетуі мүмкін. Дегенмен, геосаяси тәуекелдерді есепке алсақ, тапшылық жағдайдың бәрі түкке тұрмай қалады. Сондықтан Ұлттық экономика министрлігінен сұрайын дегенім, қорғаныс саласына бөлінген қаражаттың жалпы сомасы көрсетілді. Бірақ бұл цифрлар Украинадағы жағдайға байланысты салыстырғанда бізге ештеңені көрсетіп тұрған жоқ. Әрбір жылмен есептегенде ішкі жалпы өнімнің қанша бөлігі қорғаныс министрлігіне бөліп отырсыздар?» – деді бюджет жайлы Ермұрат Бапи.

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы жалпы 2025 жылға арналған күш құрылымдарының шығыстары 109 млрд теңгеге ұлғайып, 2,7 трлн. теңге көлемінде жоспарланып отырғанын мәлімдеген еді. Ол Қорғаныс министрлігіне жалпы ішкі өнімнің 1,8 пайызы бөлінгенін айтты.

Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсенов 2025 жылы министрліктің бюджеті – ЖІӨ-нің 0,44 пайызын, ал мемлекеттік қорғаныс тапсырыс 0,24 пайызын құрайтынын айтады. Сонда – 0,68 пайыз.
Бюджет жобасы талқыланып жатқан мәжілісте осы мәліметті естіген Ермұрат Бапи қатты ашуланып кетті.

«Биыл бюджетте 0,8, келесі 0,4 пайыз дейсіз. Бұл не қаржыландыру? Кім жауап береді? Қорғаныс министрлігі қазір біздің қауіп-қатер – мамандардың есебі бойынша 2030 жылы соғыс болады. Сондай тәуекел бар. Оны тіпті біздің қорғаныс ведомствосында сондай болжам бар. Әлемдік сарапшыларды есепке алмағанда! Осындай жағдайда біздің қорғаныс саласына 0,4 пайыз – бұл қандай заговор? Қайдан шыққан есеп? Біз бұл мәселені әлі көтереміз!» – дейді депутат Ермұрат Бапи.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →