×

Мәжілісте әйелдерге харрасмент жасады деген депутаттың орнына кім келетіні белгілі болды

Ақпаратта тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жолданатыны айтылған

Мәжілісте әйелдерге харрасмент жасады деген депутаттың орнына кім келетіні белгілі болды
Фото: parlam.kz

«Ақ жол» партиясы этикалық нормаларды бұзды және өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптармен мандатынан айырған депутаттың орнына кім келетінін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ақ жол» демпартиялық партиясының Ұлттық кеңесі партиялық тізім бойынша Серік Ерубаевты мәжіліс депутаты етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Серік Ерубаев – партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII-шақырылымдағы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихатының хатшысы. «Atyrau Construction services ltd» ЖШС бас директоры қызметін атқарған, – деді «Ақ жол» партиясының ресми сайты.

Ақпаратта тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жолданатыны айтылған.

Еске салайық, бұған дейін «депутат мәртебесіне сай емес» деген себеппен Асқар Садықов Парламенттегі қызметінен босатылған болатын. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан
Кеше, 23:33

Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды – Жанарбек Әшімжан

Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды
Елде дамудың негізгі факторы заң үстемдігі мен тәртіптің сақталуымен байланысты 
Бұл ұстаным мемлекеттік басқарудың елдің тұрақты әрі орнықты дамуына бағытталуын қамтамасыз етеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →