×

«Қалай қолмен ұстап тұрсыздар»: Ермұрат Бапи министр Жақыпованың мәліметіне күмән келтірді

Ермұрат Бапи министрліктен дұрыс ақпарат алмағанын айтты

«Қалай қолмен ұстап тұрсыздар»: Ермұрат Бапи министр Жақыпованың мәліметіне күмән келтірді
Фото: parlam.kz / ortcom.kz

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповадан елдегі жұмыспен қамту деңгейі жөнінде нақты мәліметтерді беруді талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мәжілісте Ермұрат Бапи министрліктен дұрыс ақпарат алмағанын мәлімдеді.

«Светлана бике, жаңа бір сөзіңізде айтып қалдыңыз, “жұмыссыздықты 4,7 ұстап отырмыз” деп. Мен осыған таң қалам. Қалай қолмен ұстап тұрсыздар. Үкіметтің мұны ұстап тұрғанына 15 жыл болды. 15 жылдан бері 4,5-4,7 арасында ұстап тұрсыздар. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың арқасында ұстап тұрсыздар ма деп ойлаймын. Жұмыссыздардың структурасы бар ма сіздерде? Қаншасы тіркелген? Қаншасы жеке меншік кәсіпкер ретінде тұр. Оның ішінде жабылғаны қанша? Банкрот болмай жүргені қанша? Мен осыған бір ақпарат ала алмадым», - дейді депутат.

Жақыпова Бапиге берген жауабында бұл сұрақ статистикада белгілі сандар деп атап өтті. Оның айтуынша, бүгінгі таңда жұмыс күні 9 миллион адамнан, елде жалдамалы жұмыс істейтін адамдар саны 6 миллионнан, өзінің жеке кәсіпкерлігі бар адам саны 2 миллионнан артты. Жұмыссыз болып тіркелгендер сан 320 мың адам. 

«Біз айтып отырғанымыз – бізге келіп, жұмыс іздеген азаматтарды тіркемей-ақ, оларды жұмысқа жіберу. Құрылымы бар. Қазір отбасылық цифрлық картаны жүзеге асырдық. Бір жыл бойы сол жұмысты істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта аумақтармен өзектілігін жүргізіп, соның арқасында қазір 2,5 миллион адамның әлеуметтік статусы жоқ. Аударымдары жоқ, жұмыс істемеген адам саны 2,5 миллионға жуық. Сол азаматтарды жергілікті орталықтар арқылы жұмысқа тартпақпыз. Өз арамызда шахматка дейміз. Оны сіздерге беруге дайынбыз», - деді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды
Бүгін, 13:52

Сенат Республикалық бюджет туралы заңды Мәжіліске қайтарды

Сенатта 2025 жылы шығыстарды 60 млрд теңге сомаға ұлғайту қолдау тапты
Ол құқық қорғау органдары бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын айтты
Қаржы министрі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →