×

«Менімен ақылдасқан жоқ, енді мойнымен көтерсін». Гүлзира алданып қалған келіні Жұлдыз туралы айтты

Енесі келіні Қайрат Нұртаспен де, өзімен де ақылдаспағанын айтады

«Менімен ақылдасқан жоқ, енді мойнымен көтерсін». Гүлзира алданып қалған келіні Жұлдыз туралы айтты
Әлеуметтік желі

Жақында танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова алданып, не пәтерсіз, не жер үйсіз қалғанын айтқан еді. Осыған қатысты енесі Гүлзира Айдарбекова пікір білдірді, деп хабарлайды  Qaz365.kz 

Жұлдыз алданып қалды. Ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзінің қателігі болған соң, мойнымен көтереді. Көрсін, басына тигені жақсы. Қайта әр нәрсенің қадірін біледі. Ол  үйде оңайшылықпен келген жоқ, - дейді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, Жұлдыз жақында Астанада журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Ол «TUMARGrandVillage» құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра Тәжімбетовамен коттедж салуға келісімшартқа отырып, екі жыл құрылыстың аяқталғанын күтеді. Алайда үйді ала алмай, алданып қалғанын айтады. Тәжімбетованың күйеуі – белгілі спортшы, ҚР күрес федерациясының вице-президенті Нұржан Қатаев. Әбдукәрімова танымал спортшы да оны қорқытқанын айтты.

Кейін күдікті Диляра Тәжімбетова да адвокатымен бірге баспасөз мәслихатын өткізді. Ол Жұлдызды сотқа бергенін де жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →