×

Алмас Кішкенбаев қамаудан кейін жаңа әнімен шығармашылыққа қайта оралды

Жанкүйерлер тарапынан жаңа әнге деген қызығушылық артқан

Алмас Кішкенбаев қамаудан кейін жаңа әнімен шығармашылыққа қайта оралды
Сурет: a.kishkenbaev/Instagram

Қазақстан жұртшылығына жақсы таныс, танымал әнші Алмас Кішкенбаев сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазып, «Қымбат» деп аталатын жаңа әнін көп ұзамай ұсынатынын және тыңдармандарына жүрекжарды үндеу жолдады.

«Қымбаттыларым! Жуырда жаңа әнім жарық көреді. Қолдауларыңызға үлкен үміт артамын», – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Бұл туынды Кішкенбаевтың шығармашылыққа қайта оралуын білдіреді. Әншінің айтуынша, «Қымбат» — оның өмір жолын және жүрегіндегі терең сезімдерін бейнелейтін туынды. Жанкүйерлер тарапынан жаңа әнге деген қызығушылық күн санап артып келеді.

Еске салайық, 2025 жылдың ақпан айында Алмас Кішкенбаев әкімшілік құқықбұзушылық үшін 15 тәулікке қамауға алынған болатын. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Алайда қиын кезеңнен кейін әнші сахнаға жаңа эмоциялармен және тың шабытпен қайта оралып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу әуежайында қамауға алынды
19.05.2025ж. 20:20

Әзілкеш Нұрлан Сабыров Мәскеу әуежайында қамауға алынды

Ресей құқық қорғау органдары әзілкешке 5000 рубль (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл салған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →