×

«Жүйкеме тиеді»: Берік Тұрсынбеков «Күлпәш» образынан шаршағанын айтты

Ол өзін танытқан «Күлпәш» образы қайдан шыққанын айтты

«Жүйкеме тиеді»: Берік Тұрсынбеков «Күлпәш» образынан шаршағанын айтты
Фото: instagram.com/beriktursnbekov.official

Әзілкеш Берік Тұрсынбеков «Күлпәш» образынан да мезі бола бастаған секілді. Бұл туралы ол «Менің өмірім» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мені Күлпәш арқылы таниды. Әр актердің, әртістің паспорты болады. Өкінішке қарай, менің паспортым  Күлпаш болып тұр. Кейде «Күлпәш, Күлпәш» десе, жүйкеме тиетіні бар. Қазір жас емеспін. Өз жасыма лайықты көңіл бөлгенін қалаймын. Кейде зияны тиіп жатады. Бірақ сол арқылы таниды. Сол арқылы басқа рөлдерімді қарайды. Концерттерге шақырады», – деді Берік Тұрсынбеков.

Ол өзін танытқан «Күлпәш» образы қайдан шыққанын да айтты.

«Күлпәш – мен танитын әйелдер образының жиынтығы. Оның ішінде әпкелерім, жеңгелерім, құдаша, құдағиларым бар. Өзімнің сондай алаңғасар жеңгем бар. Өзім сондайды көріп өскенмін. Қайнысы мен жеңгесінің әзілі ұнайды маған. Ұят нәрсені астыртын жеткізіп, әзілдейді. Қазір жеңгеңмен әзілдессең, соттатып жібереді. Жеңгелерімнің образы үшін, естелік ретінде Күлпаш образы шықты. Бұл рөлді әйел ойнаса, бұлай шықпайтын еді. «Күлпәш» рөлінен шаршайсың ғой. Жалпы, әйел рөлін берсе, ат-тонымды ала қашамын. Жас кезімде кімнің рөлі болса да, бәрібір еді. Қазір таңдай бастадым», – дейді актер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты
29.04.2026ж. 22:35

Актриса Ғазиза Тілеубай Қуаныш Бейсекпен не себепті ажырасқанын айтты

Актриса бұл туралы Айнұр Ильясоваға берген сұхбатында мәлімдеді
Сондай-ақ продюсер өзі негізін қалаған «Қазақ аруы» байқауының кезекті маусымын актрисаға арнайтынын мәлімдеді
Әнші Қарағандыға жасаған сапарында өңірдегі азаматтардың, әсіресе, мәдениет бөлімінің қызметкерлерінің келмегенін ашық айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →