×

Түркістандық дәрігерлер кардиохирургиялық сирек ота жасауды қолға алды

10 жыл ішінде балалардың туа біткен жүрек ақауларына 3020 ота жасалды

Түркістандық дәрігерлер кардиохирургиялық сирек ота жасауды қолға алды
Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер кардиохирургиялық сирек ота жасауды қолға алған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күрделі ота еліміздің бас балалар кардиохирургі, «University Medical Center» корпоративтік қоры балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі, Дмитрий Горбуновтың қатысуымен өтіп жатыр. Тәжірибе алмасу жұмыстары Түркістан облысының балалар кардиохирургиясы дамуының 10 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасында «University Medical Center» корпоративтік қоры, балалар кардиологы, педиатрия бойынша медициналық директоры Татьяна Иванова-Разумова бастаған бір топ білікті мамандардың қатысуымен жүрегінде ақауы бар балаларға диагностикалық тексерулер жүргізіліп, консультация беру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, 10 жыл ішінде балалардың туа біткен жүрек ақауларына 3020 ота жасалды, 2023 жылы 131 ота және 2024 жылдың 9 айында 108 ота жасалды. Шеберлік сынып аясында 13 күндік нәрестенің критикалық туа біткен жүрек ақауын жасанды қан айналымы жағдайында түбегейлі түзету бойынша ота жасау жоспарлануда.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →