×

Тәжікстандық дәрігерлер Түркістан облысындағы медицина ұйымдарында тәжірибе жинақтады

Түркістан облысы бойынша адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жалғасуда

Тәжікстандық дәрігерлер Түркістан облысындағы медицина ұйымдарында тәжірибе жинақтады
Фото: Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қаласы және Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарға Тәжікстан Республикасының денсаулық сақтау саласының өкілдері арнайы келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шет елден келген қонақтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйым өкілдерімен бірге қаладағы медицина ұйымдары мен мектептердегі егу қабинеттерінің жұмысымен танысып, адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу бойынша тәжірибе жинақтады.

“Бірінші кезекте қазақ елінің жылы қабылдағаны, қонақжайлылығы және бүгін алған біліміміз үшін алғыс айтқым келеді. Иммундау күнтізбесінде жаңа вакциналарды қолдану халық арасында көптеген сұрақтар туғызады және Біз Қазақстанға әріптестеріміздің тәжірибесін қабылдау және осы вакцинацияны елімізде енгізу үшін келдік. Тәжікістан Республикасы 2025 жылдан бастап адам папилома вирусына қарсы вакцина салынуды қола алады.

Біз қазір дайындық үстіндеміз”, – дейді Файзали Барот, Тәжікстандағы иммунопрофилактика орталығының бас директоры.

Түркістан облысы бойынша адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау жалғасуда. Түркістан облысы бойынша жоспарланған екпе алуы тиіс жасөспірім қыздардың 61% астамы вакцинамен қамтылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша алдыңғы қатарда. Вакцина алғандардың қатырында жағымсыз жағдайлар тіркелмеді.

Айта кетейік, Тәжікістандық медицина мамандарының қатысуымен өтіп жатқан тәжірибе алмасу жұмыстары дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен денсауылық министрлігі, денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →