×

Өңірлерде азық-түлік бағасын бекітетін ұйымдардың тізімі жарияланды

Тізім "Ашық" НҚА порталында жарияланды 

Өңірлерде азық-түлік бағасын бекітетін ұйымдардың тізімі жарияланды
ашық дереккөзден

Өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандырумен айналысатын ұйымның тізімі жарияланды, деп хабарайды Qaz365.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесi бекітілсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында.

Мәлім болғандай, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының құнын тұрақтандырумен енді мына мамандандырылған ұйымдар айналысады:

1. «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

2. «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

3. «Аstana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

4. «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

5. «Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

6. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

7. «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

8. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

9. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

10. «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

11. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

12. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

13. «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

14. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

15. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

16. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

17. «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

18. «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

19. «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы;

20. «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.

Құжат 20 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →